Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда ер адам көпқабатты үйден құлап, мерт болды

10 Сәуір 2025, 10:03
1076
Бөлісу:
 Видеодан скриншот
Фото: Видеодан скриншот

Қайғылы оқиға Бостандық ауданына қарасты "Өркен" тұрғын үй кешенінде болғаны әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді.

Бостандық аудандық полиция Басқармасы бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғады. 26 жастағы жігіттің өлімінің себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске салсақ, бұған дейін Алматыда жасөспірім қыз 16 қабатты үйден құлап, қаза тапқан еді.

Өзгелердің жаңалығы