Алматыда ер адам екі жолаушыға пышақпен шабуыл жасады, бір адам қаза тапты

1 Шілде 2021, 11:05
4082
Бөлісу:
Алматыда ер адам екі жолаушыға пышақпен шабуыл жасады, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда ер адам екі жолаушыға пышақпен шабуыл жасап, салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің Telegram-арнасы.

Теректі шағын ауданында бірнеше пышақ жарақаты бар ер адамның денесі табылды. Полицейлер марқұмның жеке басын бірден анықтады. Көз жұмған ер адамның құжаттары өзімен бірге болған. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында тергеушілер куәгерді бірден тапқан. Ол қаза болған жігіттің досы. 

Ер адамның айтуынша, далада оларға екі пышақпен қаруланған белгісіз адам шабуыл жасаған. Ол қаза болған ер адамның денесіне онға жуық жарақат салған. Ер адам куәгерді де жарақаттаған, оның алған жарақаты денсаулығына қауіпті емес. Полицейлер тез арада күдіктіні ұстады. Ол 20 жастағы жергілікті тұрғын екені анықталды. Есірткі затын қолданғаннан кейін онда галлюцинация болған. Жас жігіт бұрын ұрлық үшін сотталған, - делінген полиция хабарламасында. 

Аталған факті Қазақстан ҚК-нің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелген.


Өзгелердің жаңалығы