Алматыда эпидахуал тұрақталып келеді

20 Қыркүйек 2021, 12:30
6581
Бөлісу:
Алматыда эпидахуал тұрақталып келеді

Алматы, BAQ. KZ. Өткен тәулікте қалада 506 адамнан коронавирус анықталды,  оның 480-де ауру белгісі бар болса, 26-да симптомсыз.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 19 қыркүйекте ауруханалардан 65 науқас емделіп шыққан, келіп түскендер саны – 162.

Инфекциялық стационарларда 2 775 адам ем алып жатыр, оның  109-ы бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде –  266 науқас ем алып жатыр. ӨЖЖ – 43, инвазивті емес ӨЖЖ – 116, High flow-да 87 аппарат жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 5 718 науқас бар, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 5 572, симптомсыз 146 науқас бар.

Сондай-ақ өткен тәулікте коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-компонентін 1073 адам, 2-компонентін 1 513  адам салдырған.

Өзгелердің жаңалығы