Алматыда экономикалық индикатор 122,2%-ға жуықтады

22 Маусым 2023, 12:34
519
Бөлісу:
Алматыда экономикалық индикатор 122,2%-ға жуықтады
Фото: Алматы қаласы Орталық коммуникациялар қызметі

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев өзі басқарып отырған өңірдің қалай дамып жатқаны туралы ОКҚ-да өткен брифингте айтып берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Алматы қаласының барлық даму бағыты бойынша оң динамика байқалады.

Еңбек нарығындағы жағдай тұрақты. Биыл жыл басынан бері 29,4 мың жұмыс орны құрылды, оның 60%- ы тұрақты. Экономика өсімінің драйверлері сауда (+27,2%), өңдеу өнеркәсібі (+24,4%), көлік және қоймалау (+16,7%) болды. Негізгі капиталға 484 млрд теңге инвестиция тартылды. Бұл ретте, жеке инвестициялар 2,7%-ға өсті. Іскерлік белсенділік индексі 58,7 тармаққа дейін өсті (Абай облысынанкейін II орын-58,8), – деді Досаев.

Айта кетейік, 2022 жылдың қыркүйегінде Алматы қаласының мәслихаты Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективасын бекітті. 

Мемлекет басшысының былтырғы 16 қарашада қаламызды одан әрі дамыту жөніндегі тапсырмаларын ескере отырып, желтоқсан айында даму бағдарламасын табысты іске асырудың негізгі қадамдарын қамтитын жол картасы бекітілді. 

Қазір Алматы қаласының жобалық кеңсесінің базасында 9 жол картасын іске асыру қолға алынған. Барлығы 476 жобаның 275-і (57,7%) іске асып жатыр. Бұл жобалар жайлы қалалық орта құруға және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы