Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс ұйымдастырылады

30 Мамыр 2023, 14:49
538
Бөлісу:
Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс ұйымдастырылады
Фото: ҚР АҚДМ баспасөз қызметі

Алматыда экологиялық журналистика бойынша курс өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚР АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен, 7-9 маусымда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы) экология саласында маманданған журналистерге арнайы оқыту курсын өткізеді. 

Курс офлайн форматта мына мекенжай бойынша өтеді: Алматы қаласы, Әл-Фараби кітапханасы, Әл-Фараби даңғылы, 71/27, № 409 залы. 

Қатысушыларға «Тұрақты даму мақсаттары аясындағы экологиялық журналистика» («Экологическая журналистика в рамках Целей Устойчивого Развития») курсын тәмамдағаны туралы арнайы сертификаттар табысталады. Аталған курсты оқуға қызығушылықтарыңыз болса, мына сілтеме бойынша алдын ала тіркеуден өтулеріңізді сұраймыз: https://forms.gle/5fZgjNhQki7YieoK6 Барлық қосымша сұрақтар бойынша келесі байланыс телефонына хабарласуға болады: +7(7172)740186, - делінген министрлік таратқан ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы