Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалада екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталғанын мәлімдеді.
COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шаралар аясында төсек санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған, оның 30-ы реанимациялық, екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медмекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек, - деп жазды ол instagram-дағы парақшасына.
Госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру байланыссыз әдіспен, бақылау — бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ "жасыл" және "қызыл" аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.