Алматыда екі көше жартылай бір бағытқа ауысады

9 Тамыз 2022, 19:21
1149
Бөлісу:
Алматыда екі көше жартылай бір бағытқа ауысады

Алматы әкімдігі 11 тамыздан бастап екі көшенің кейбір бөлігі бір бағытты болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

11 тамыздан бастап Шәкәрім және Есенжанов көшелерінің қолданыстағы қозғалыс сызбасына өзгерістер енгізіледі. 

Батыс бағытта Есенжанов көшесі бойымен Брусиловский көшесінен Тілендиев көшесіне дейін, ал шығыс бағытта Шәкәрім көшесі бойымен Тілендиев көшесінен Брусиловский көшесіне дейін бір бағытты көлік қозғалысы қарастырылған. 

Бұл шаралар қала әкімінің Алмалы ауданының тұрғындарымен есеп беру кездесуінде аталған аудан тұрғындарының өтініштері негізінде, сондай-ақ көліктердің өткізу қабілетін арттыру және апатты жағдайларды азайту мақсатында қолға алынды. Жұмыстарды Қалалық мобилділік басқармасы уәкілетті орган Алматы қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесе отырып жүргізеді,-делінген хабарламада.

Өзгерістердің енгізілуіне байланысты қозғалыс бағыттарын алдын ала белгілеуді және ҚР жол қозғалысы Ережелерінің барлық талаптарын сақтауға кеңес береміз.

Алматыда екі көше жартылай бір бағытқа ауысады
Өзгелердің жаңалығы