Алматыда екі күннен бері коронавируспен түскендер саны төмендеді

3 Сәуір 2020, 13:37
3363
Бөлісу:
Алматыда екі күннен бері коронавируспен түскендер саны төмендеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 1-2 сәуір күндері коронавирус бойынша жаңадан тіркелген жағдай саны төмендегенін байқап отырмыз. Бұл туралы Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова брифингте айтты.

Оның айтуынша, Алматыда тіркелген 91 жағдайдың 35-і сырттан келгендер, 48-і қатынаста болғандар, 5 жағдай жергілікті, үшеуі жергілікті науқаспен қарым-қатынаста болғандар. 
1-2 сәуір күндері коронавирус бойынша жаңадан тіркелген жағдайдың саны төмендегенін байқап отырмыз. Ауырғандардың көпшілігі мына рейстермен келгендер: Мәскеу-Алматы рейсі - 33%, Стамбұлдан келгендер - 25%, Берлиннен келгендер - 16%, Санкт-Петербург рейсі -13%, Минсктен келгендерде -13%, - деді Айзат Молдағасымова.

Сонымен қатар, ол коронавирус анықталған науқастардың жас мөлшеріне тоқталып өтті.
Жас мөлшері бойынша қарайтын болсақ, 20-29 жас аралығы, 30-39, 40-49 және 50-59 жас аралығындағылар көп шалдыққан. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгілер арасында - 3 жағдай, 15-19 аралығында – 4 жағдай тіркелген. 60-тан асқан қауіпті топтағылар бойынша - 7 жағдай тіркелген, - деді департамент басшысы. 

Қазіргі күні қалада 28 үй ошағы тіркелген. Бастапқы кезден бері барлығы 49 ошақ тіркелген, алайда кейбірінен инкубациялық мерзімінің өтуіне байланысты шектеу шаралары алынып тасталған. 
Стационарлы карантиннен 128 адам шығарылды, үй карантині бойынша 586 адамнан шектеу алынды. Жалпы  10 мыңнан астам адам коронавирусқа қарсы тексерістен өткен, олардың 91-інен инфекция анықталды. Қазіргі кезде тест және басқа да тексеруге қажетті құрылғылар жеткілікті деңгейде, - деді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқарма басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг барысында коронавирустан Алматыда тағы екі науқас жазылғанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы