Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Алматыда екі электр қызметкеркерін тоқ соқты

22 Мамыр 2025, 16:15
988
Бөлісу:
 Ғазиз ШАКИРОВ  - архив
Фото: Ғазиз ШАКИРОВ - архив

Оқыс оқиға "Жастар" тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендердің киімі өртеніп, біреуі есінен танып қалған.

Алматыда екі электр қызметкеркерін тоқ соқты

Аталған жағдайға қатысты Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

22 мамыр күні сағат 13:05-те Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөліміне электр жарақатын алған екі ер адам жеткізілді. Оларға ІІ–ІІІ дәрежелі көптеген күйік диагнозы қойылды. Пациенттер анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Қазір оларға барлық қажетті қарқынды терапия шаралары жүргізіліп жатыр, - деді Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасынан.

Өзгелердің жаңалығы