Алматы, BAQ.KZ. Алматыда шетел азаматы екі бірдей дүкенге қарулы шабуыл жасады.
Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
«Буран-134» экипажы дабыл сигналын бірінші болып қабылдап, қылмыс болған жерге іргелес аумақты мұқият аралай бастаған.
Олар аулалардың бірінен іздестірілушіге ұқсас жас жігітті байқап, оны ұстады. Күдіктіден шабуыл жасаған қару – ас үй пышағы тәркіленді. Ол өз қылмысын бірден мойындады. Бейнебақылау камералары көрсеткендей, ол дүкенге сатып алушы ретінде кіріп, сатушыға пышақ көрсетіп, кассадан ақша талап еткен. Әйел адам қорқып, барлық ақшаны берген. Ең бастысы, жәбірленуші шабуыл туралы полицияға дереу хабарлады. Күдікті саналы минуттың ішінде ұсталып, Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған адамның аз ғана уақыт ішінде екі азық-түлік дүкеніне шабуыл жасағаны анықталды, – дейді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкі командирінің міндетін атқарушы Алмас Ахмедьяров.
Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.