Алматыда егде жастағы күзетшіні ұрған күдікті ұсталды

"Столичный" тұрғын үй кешенінің маңында ер адам егде жастағы күзетшіге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

 скрин 23 Мамыр 2024, 10:02
23 Мамыр 2024, 10:02
5879
Фото: скрин

"Столичный" тұрғын үй кешенінің маңында ер адам егде жастағы күзетшіге шабуыл жасаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Кадрлардан ер адам көліктен түсіп, әуелі оны итеріп, сосын қарт күзетшінің ішінен ұрғанын көруге болады.

Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді.

Осы іс бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Құқықбұзушы ұсталды. Оның іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Ер адамның алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, - дейді баспасөз қызметі.

Наверх