Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Е-Polisia KZ атты мобильді қосымша әзірленді, оның көмегімен ЖСН және көліктің нөмірі арқылы қала ішінде қозғалуға рұқсат берілген-берілмегенін тексеруге болады, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 7 сәуірден бастап барлық қағаз түріндегі рұқсатнамалар мен анықтамалар талап етілмейтін болды.
Е-Polisia KZ қосымшасы әзірге Android платформасында ғана қолжетімді. Сондай-ақ аталған қосымша полицияға арыз, өтініш, сигнал беруге, коронавирус бойынша өзекті ақпараттармен танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымшада бақылау-өткізу бекеттерінен өту ережелері жазылған бөлім бар.