Алматыда дзюдодан Азия кубогі өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

 12 Мамыр 2022 2022, 19:56
12 Мамыр 2022 2022, 19:56
1773

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда 13-15 мамыр күндері Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогі өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Азия кубогіне 2005-2006 жылы туған жасөспірім, 2002-2004 жылдары туған жас дзюдошылар қатысады. Аталған құрлықтық бәсекеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Қырғызстан және АҚШ құрамаларынан 500-ден астам спортшы бақ сынайды.

Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) күнтізбесіне сәйкес өткізілгелі отырған жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне IJF ережесіне сейкес әлемдік рейтингте ұпай қосылады. Жарыс жеңімпаздарына 100 ұпайдан берілсе, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.

Айта кетсек, Азия кубогі осымен бесінші рет ұйымдастырылады.

Наверх