Алматыда дизельмен жүретін автобус сатып алуға тыйым салынуы мүмкін

21 Желтоқсан 2023, 15:31
420
Бөлісу:
Алматыда дизельмен жүретін автобус сатып алуға тыйым салынуы мүмкін
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев қалада дизельмен жүретін автобус сатып алуға тыйым салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, биыл қаланың автобус паркі 1 150 экологиялық таза автобусқа жаңартылды.

2024 жылдан бастап жеке тасымалдаушылардың дизельмен жүретін автобустарды сатып алуына тыйым салу жоспарлануда, – деді Досаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Алматыда 11 жылда алғаш рет 100 троллейбус сатып алынды.

2024 жылы тағы 100 данасын сатып алу жоспарланған. Бұл троллейбус паркін 100% жаңартуға мүмкіндік береді. Алматыда метро белсенді дамып келеді. Биыл қосымша 3 жылжымалы құрам іске қосылды. Қозғалыс интервалы 5 минут 38 секундқа дейін азайды. Нәтижесінде метродағы жолаушылар легі 100 мың адамға дейін көбейді. Жалпы 2023 жыл қорытындысы бойынша қоғамдық көліктегі жолаушылар легі тәулігіне 1,5 млн адамға дейін көбейді, – дейді қала әкімі.

Өзгелердің жаңалығы