Алматыда демалыс күндері орталық көшелер жабылады

20 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon өтеді, осыған байланысты қалада көлік қозғалысы схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ  архив 16 Сәуір 2025 2025, 18:10
16 Сәуір 2025 2025, 18:10
942
Фото: архив

20 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon өтеді, осыған байланысты қалада көлік қозғалысы схемасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Марафонның басталуы сағат 07:00-ге жоспарланған және ол Тұңғыш Президент саябағынан басталады. Жүгіру бағыты Әл-Фараби даңғылы бойымен өтіп, Сәтбаев көшесі, 29/3 мекенжайында орналасқан Орталық стадионда аяқталады.

Жабылатын жолдар:

  • Сағат 00:00-ден 11:00-ге дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейін жабылады, оңтүстік жағы ашық болады;
  • Сағат 06:45-тен 09:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағы – Мұстафиннен Назарбаев көшесіне дейін жабылады;Сағат 07:10-нан 08:30-ға дейін Сейфуллин даңғылы – Әл-Фарабиден Абай даңғылына дейін толығымен жабылады;
  • Сағат 08:30-дан 11:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Саиннен Байтұрсынұлына дейін жабылады, солтүстік жағы ашық болады;Сағат 07:20-дан 09:00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағы – Сейфуллиннен Байтұрсынұлына дейін жабылады;
  • Сағат 08:20-дан 10:00-ге дейін Саин көшесінің шығыс жағы – Әл-Фарабиден Абайға дейін жабылады, батыс жағы ашық болады.
     
Наверх