Алматыда дауылды ескерту жасалды

22 Мамыр 2022, 13:04
1285
Бөлісу:
Алматыда дауылды ескерту жасалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖД-сі 21 мамырдағы № 26 Қазгидромет ММ ескертуінің негізінде дауылды ескерту жасады.

22 мамырда кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, найзағай кезінде жел екпіні секундына 15 -20 метрді құрайтынын хабарлаймыз. Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары, найзағай мен жел кезінде ғимараттар мен үй-жайлардан қажетсіз шықпаңыз,-делінген хабарламада.

Сондай-ақ қала тұрғындарынан көліктерді ағаштардың астында қалдырмау қажеттігі айтылды.
 

Өзгелердің жаңалығы