Алматыда COVID-19-ды анықтайтын жедел тестілер кеңінен таралуда

9 Желтоқсан 2021, 18:15
1328
Бөлісу:
Алматыда COVID-19-ды анықтайтын жедел тестілер кеңінен таралуда

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау магистрі, «Зертханалық медицина және сараптама қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Райхан Мамырова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жедел тесттердің арқасында ауру жұқтырғандарды, оның ішінде жеңіл және симптомсыз науқастарды анықтауға болады. Нәтижесінде көптеген адамдарды тестілеу және коронавирусты дер кезінде анықтау індеттің таралуын тоқтата алады.

Экспресс-тесттен өткізуді кеңейту бастамасы Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге тиесілі. Бұған дейін ол шұғыл тесттердің тиімділігіне зерттеу жүргізгенін мәлімдеген болатын.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған сынақтардың сезімталдығы зерттелді. Біздің ғылыми тобымыз осы сынақтардың тиімділігін дәлелдеді, он өндірушінің сынақтарын зерттеді. Сынақтарды қолдану өте оңай, бір жиынтықта мұрын мен тамақтың жағындысын алуға арналған зондтар бар. Осыдан кейін зондты арнайы сұйықтыққа салу керек. Бір жолақ – теріс нәтижелі, екеуі – оң, - деді Р. Мамырова.

Жедел тесттерді зерттеу 10 зертхана негізінде жүргізілді: El Lab PCR, КДЛ Олимп, Медицина 100+ (ILAB 100+), SMLAB (Sapa), GammaLab, И.С Жекенова атындағы қалалық клиникалық инфекциялық аурухана, қалалық балалардың клиникалық инфекциялық аурухана, Innosol, Ұлттық сараптама орталығы ШЖҚ РМК және биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты (ОТАР).

Сарапшының айтуынша, алынған нәтижелердің арқасында науқастарды тез емдеуге және оқшаулауға болады.

Өзгелердің жаңалығы