Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

28 Тамыз 2020, 17:08
1820
Бөлісу:
Алматыда «Бюджетке қатысу» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Алматы, BAQ.KZ. Өтінімдерді жинау 5 қазанға дейін жалғасады. Бұл туралы Алматы әкімі Б. Сағынтаев instagram-дағы парақшасында жазды.

Кез-келген адам қалалық ортаны дамытуға қатысты өз идеясын ұсына алады. Егер дауыс беру кезінде бастама басқа тұрғындар тарапынан қолдау тапса, ол қалалық бюджет есебінен жүзеге асырылады. Бір өтінім 55,5 млн тг аспауы тиіс. Қаржыландырудың жалпы көлемі 6,4 млрд тг, яғни әр ауданға 800 млн теңге болмақ,-деп жазды әкім.
Өтінімдерді қабылдау, дауыс беру және бастамаларды іріктеу budget.open-almaty.kz порталында онлайн түрде өтеді.
Өзгелердің жаңалығы