Алматыда бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғандар бойынша тергеу бастады

18 Қыркүйек 2023, 10:11
999
Бөлісу:
Алматыда бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырғандар бойынша тергеу бастады
Фото: Нұркен Алишев - архив

Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергелуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы қаласының прокуратурасы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын тексеру қорытындысы бойынша «Еңбек» бағдарламасы арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз етуге бюджеттен бөлінген қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жұмыспен қамту орталығының мамандары азаматтарды жалған жұмысқа орналастыру, жалақыны жинау және жұмысқа орналастыруға жатпайтын адамдардың есеп шоттарына ақша аудару арқылы, жұмыс орындарын субсидиялауға бөлінген 370 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық іс арнайы прокурорлармен тергелуде.

Өзгелердің жаңалығы