Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин Алматыдағы ШОБ-ты қолдау және өнеркәсіпті дамыту шаралары, сондай-ақ «Almaty Business-2025» бағдарламасын жүзеге асыру туралы айтты.
Алматы үшін шағын және орта бизнестің өте маңызды екенін ескере отырып, қала әкімдігі осы секторға жан-жақты қолдау көрсетуде және экономиканы қалпына келтіру үшін дағдарысқа қарсы барлық қажетті шараны, оның ішінде «Almaty Business-2025» аймақтық кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында қабылдауда.
Бағдарлама бизнеспен жұмыс жасаудың бес негізгі институционалды бағытын қамтиды. Оның құрамына Qolday кәсіпкерлік орталығын, несие беру үшін жеке және микроқаржы институттарын құру, Алматы қаласы аумағында өндірістік парктерді ұйымдастыру, кейбір кәсіпкерге жеке әрі шағын өндірістерін ұйымдастырулары үшін жеңілдетілген несие ұсыну енеді.
Еркебұлан Оразалин пандемияға әрі жылдың күрделі болғандығына қарамастан несиелеуді кеңейту, инфрақұрылымды дамыту, өндірісті, кәсіпкерлікті қолдау және жұмыс орындарын сақтау шараларының Алматы экономикасына оң әсер еткенін атап өтті.
Мәселен Qolday кәсіпкерлік орталығы 2020 жылы істерін жаңадан бастағандарға, жалпы кәсіпкерлерге 90 мыңға жуық кеңес берді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 42 миллиард теңгені құрайтын 52 жоба бойынша кеңестер берілді. «Бір терезе» қағидаты бойынша 500-ден астам рұқсат құжатт ұсынылды.
Орталықта ШОБ өкілдеріне өз бизнесін дамытуға қатысты түрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан рұқсат құжаттарын алу үшін тегін қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар түрлі қаржы институттарында қаржыны жеңілдікпен алуларына көмектеседі.
Біз орын алған кемшіліктерді жойып, істерін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге 5 миллионға дейінгі көлемде грант бердік. Олар грант алғаннан кейінгі алғашқы кезеңде өз бизнестерін тегін жүргізе алады. Екінші кезеңде бизнес-жоспарларды әзірлеу бойынша әрі заңгерлік және бухгалтерлік кеңестер көрсетіледі. Егер екінші кезеңде өз бизнестерін дұрыс жүргізіп, оны кеңейтуді қаласа, онда олар біздің шағын қаржы институттарымызға жүгініп, 6%-дық мөлшерлемемен жеңілдетілген несие алуларына болады, - деді Оразалин.
Оның айтуынша, бұл институттар Алматы қаласы әкімінің тікелей тапсырмасы бойынша жергілікті бюджет қаржысы есебінен гранттар көлемін ұлғайту аясында қосымша экожүйемен қамтылады.
Жалпы бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге 12,2 млрд теңге бөлінді. Қаржыландыруды «Almaty Finance» несиелік ұйымы және «Алматы» МҚҰ жүзеге асырады. «Almaty Finance» 500 миллион теңгеге дейін ірі және орта жобаларға несие беруді қарастырады. «Алматы» шағын және микробизнеске бағытталған әрі мұнда несиенің ең жоғарғы мөлшері 70 миллион теңге деңгейінде белгіленген.
Жалпы алғанда 40-тан астам жобаға несие берілді.
Айта кетерлігі, бұл институттар пандемия кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру процестеріне де қатысты. Мысалы осы қаржы институттары тарапынан бөлінген 12,2 млрд теңгенің 4 миллиарды Алматы қаласындағы ірі дистрибьютерлік компанияларға, медициналық заттар мен дәрі-дәрмектерді жеткізушілерге берілді. Осы орайда Тұрақтандыру қорын ұйымдастыру идеясы туындады. Тіпті оны еліміздің өзге өңірлері де іліп әкетіп, ұтымды пайдалана бастады. Қаржының қалған бөлігі 60%-ға жуығы өңдеу өнеркәсібі саласындағы жобаларға жұмсалды.
Өндірістік парктерді ұйымдастыру тетігі де ойдағыдай жұмыс істей бастады. Осы орайда мақсат қалалық әкімдік ірі бизнеске бос ғимараттар мен құрылыстарды қалпына келтіруге немесе жаңа орын салуы үшін 6%-бен жеңілдетілген несие береді.
Мұнда осы жобаға қосымша ретінде өндірістік парктер резиденттерінің жылына 2%-дық мөлшерлемемен несие беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл Қазақстанда баламасы жоқ акция. Біз бүгінгі күні осындай үш жобаның ойдағыдай жұмыс жасап жатқанын мақтанышпен айта аламыз. Үш жоба толығымен жабдықталған, істерін жаңа бастаған кәсіпкерлер осы өндірістік орындарды жалға алды. Бұлардан өзге, біз Индустриялық аймақта осыған ұқсас өндірістік парктерді құру үшін жалпы алаңы 40 мың шаршы метр болатын 4 жер учаскелерін қосымша бөлдік. Барлық құжаттама, ережелер әзірленді және қабылданды. Бүгінгі күні Индустриялық аймақтағы 4 өндіріс паркіне әлеуеті жоғары қатысушылардан 50 астам өтініш келіп түсті, - деді Оразалин.
Оразалин пандемия кезінде зардап шеккен қандай салаларға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілгені туралы айта келіп, 2020 жылы несиелердің 70%-ының сауда мен қызмет көрсету саласына бөлінгенін атап өтті. Маңыздысы сол, осы несиелердің арқасында бизнес ауқымы артты және қаржы айналымы толықты.