Алматы, BAQ.KZ. Алматыда бес бағыт бойынша автобустар толық құраммен қызмет көрсетуде.
Қоғамдық көліктердегі жолаушылар ағынын мониторингілеу нәтижелері бойынша Алматы қаласының қалалық мобилділік басқармасы 2020 жылдың 22 шілдесінен бастап келесі бағыттардағы жылжымалы құрам санын көбейту туралы шешім қабылдап, № 4,23, 7, 31, 67 бағыттардың жұмысқа шығуы 100%-ға артты.
Жолаушылар тасымалының көлемін қарастыру әлі де жалғасуда. Осыған байланысты басқа да бағыттардың жоспарлы көрсеткіштері қайта қаралуы мүмкін, - делінген "Алматы автобустары" мекемесінің ресми аккаунтында.