Алматыда бір түнде карантин режимін бұзған 101 тұлғаға айыппұл салынды

17 Сәуір 2021, 17:31
1985
Бөлісу:
Алматыда бір түнде карантин режимін бұзған 101 тұлғаға айыппұл салынды

Алматы, BAQ.KZ. 17 сәуірге қараған түні Алматыда коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша қолданыстағы шектеу шараларының сақталуын бақылау бойынша 40-қа жуық мониторингтік топ жұмыс істеді.

Алматыда эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз болып отыр. Кәсіпкерлік субъектілерінің карантинді бұзуына жол бермеу жөніндегі мобильді топтар күшейтілген режимде жұмыс істеуде. 

Қолданыстағы карантиндік шаралардың ұзартылғанына қарамастан, кейбір мекеме бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды елемей отыр.

Ағымдағы жылдың 16 сәуірінен 17 сәуіріне қараған түні белгіленген шектеулерді бұзудың 16 дерегі анықталды. Барлығы 101 жеке тұлғаға айыппұл салынды.

Қала тұрғындары тарапынан құқық бұзушылықты азайту үшін әкімдіктердің қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлерінен құралған мониторингтік топтардың өкілдері қала тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олардан түнде мекемелерге бармауды сұрайды.

Кәсіпкерлік нысандарын тексерудің барысында жұмыс режимінің сақталмауы, отбасылық, естелік іс-шараларды және адамдар көп жиналатын басқа да іс-шараларды өткізуді шектеуге қойылатын талаптардың бұзулуы, әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимінің ескерілмеуі сынды бұзушылықтар анықталған, - делінген хабарламада.


Өзгелердің жаңалығы