Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласының Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы кезінде хабарлады. Оның айтуынша, мегаполистегі эпидемиологиялық ахуал нашарлап барады.
COVID-19 індетінің кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасына, қыркүйектің басында күтілуде. Ал дертпен күресуге вакцина көмектеседі. Сондай-ақ Алматыда ағзаны індеттен қорғайтын толық вакцина желісі бар көрінеді.
Соңғы аптада коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал ушығуда. Өткен аптаны алдыңғымен салыстырғанда КВИ жағдайының тіркелуі 1,4 есеге – 5 790-нан 8 393 жағдайға дейін өсті. Тәуліктік өсім 1,5%-ды құрадп отыр. 23 шілдеден бастап коронавирус инфекциясының күнделікті тіркеуі 1 мыңнан асты. Қазірдің өзінде 1 450-ді құрайды. Осы айда Алматыда 20 818 науқас анықталды, ал жыл басынан бері 76 603 науқас тіркелді, – деді мегаполистің бас санитарлық дәрігері.
Ж. Бекшиннің айтуынша, шілдедегі эпидемиологиялық жағдайдың нақты болжамы 27,5 мың, ал іс жүзінде 2 мың жағдайды құрайды.
Алматыда COVID-19-дың кезекті төртінші толқыны тамыз айының ортасында қыркүйек айының басында төмендейді деп күтілуде. Тамыз айында 34,5 мың жағдай, қыркүйекте 4,5 мың жағдай болады деп болжануда. 7 күн ішінде «симптомдық» науқастардың үлес салмағының артуы 89,4-тен 90,7%-ға дейін жалғасты. Бұл СOVID-19 айналымдағы қоздырғыштары арасында дельта нұсқасының таралуына апогейдің жақында жеткенін көрсетеді, –деді Ж. Бекшин.