Қазақстан қалалары арасында бір бөлмелі пәтердің ең жоғары орташа бағасы Алматыда тіркелді. Мегаполисте бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 26,5 млн теңге, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Екінші орында Астана орналасқан, деп жазады Krisha.kz. Елордада мұндай баспананың бағасы шамамен 23,5 млн теңгеге бағаланған. Ал үздік үштікті 18 млн теңге көрсеткішімен Шымкент түйіндеп отыр.
Сарапшылардың дерегінше, еліміздің мұнайлы өңірлеріндегі қалаларда да баспана бағасы салыстырмалы түрде жоғары. Мәселен, Атырауда бір бөлмелі пәтердің орташа құны 16 млн теңге болса, Қонаевта – 15,15 млн теңге, Қостанайда – 16,9 млн теңге.
Ал ең арзан бір бөлмелі пәтерлер Қызылорда мен Жезқазғанда тіркелген. Қызылордада олардың орташа бағасы 8,4 млн теңге болса, Жезқазғанда – 9,5 млн теңге. Таразда бұл көрсеткіш 9,8 млн теңгені құрайды.
Сондай-ақ Көкшетауда бір бөлмелі пәтерлер орта есеппен 14,6 млн теңгеге, Павлодар мен Семейде 14 млн теңгеге, Қарағандыда 13,5 млн теңгеге бағаланып отыр.
Осылайша, Алматыдағы бір бөлмелі пәтердің орташа бағасы Қызылордадағы осындай баспанадан үш еседен астам қымбат болып шықты. Бұл мегаполистегі тұрғын үйге сұраныстың жоғары екенін және баспана нарығындағы баға қысымының сақталып отырғанын көрсетеді.