Алматыда бірқатар ықшам ауданда суық су болмайды

<p> </p> <h4>Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Әуезов ауданында қарасты бірқатар тұрғын үйлер суық судан ажыратылады.&nbsp;</h4>

 6 Қазан 2020 2020, 14:35
6 Қазан 2020 2020, 14:35
1832

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Әуезов ауданында қарасты бірқатар тұрғын үй суық судан ажыратылады. 

«Алматы су» МКК мәліметіне сәйкес, бұл шектеулер жаңа су құбырларын орталық сумен жабдықтау жүйесіне қосу және желілердегі технологиялық жабдықтарды ауыстыру үшін қажет. 

8 қазан күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін «Алмас», «Астана», «Атамекен», «Достық», «Дубок», «Қуаныш», «Мамыр - 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7», «Таугүл», «Таугүл-1», «Таугүл-2», «Тепличный», «Школьник», сонымен қатар, Жандосов – Саин – Торайғыров – Үлкен Алматы өзені, Жандосов – Сайын – Шаляпин – Яссауи көшелері қиылысында орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттар суық судан ажыратылады, - делінген хабарламада. 

Суық су өшірілетін кезде денсаулық сақтау, білім беру ғимараттары мен әлеуметтік саланың өзге де нысандарына автоцистерналармен су жеткізу қамтамасыз етіледі.


Наверх