Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Департаменттің мәліметінше, Алматы қаласында 138 мың 875 бейнебақылау камерасы орнатылған.
Жыл басынан бері қалада бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2 мың 718 қылмыс ашылып, 1 миллион 597 мың теңгеге айыппұл салынып, 191 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Қалада барлығы 138 мың 875 бейнебақылау камерасы бар. Оның 5 мың 752-сі «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша көпқабатты үйлерге орнатылды. Қала жолдарында 9 мың 657-сі бар, ал білім беру нысандарында 19 мың, денсаулық сақтау нысандарында 3 мың, спорт нысандарында 1 мың 932, қоғамдық орындарда 1 мың 746, әртүрлі меншік нысанындағы объектілерде 91 мың 744, метрополитенде және қоғамдық көліктерде 1 мың 337 бейнекамера орнатылған, – дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.