Алматыда белгілі әнші Абай Бегей таңдау жасады

 Алматы қаласының әкімдігі 29 Қараша 2026, 17:22
29 Қараша 2026, 17:22
120
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Қазақстандық эстрада әншісі Абай Бегей мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысып, Алматыдағы №487 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Әншінің айтуынша, ел өміріндегі маңызды кезеңде әр азамат белсенділік танытып, таңдау жасауы керек. Сондай-ақ ол мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті.

«Мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Олар халықтың сұранысы мен тілегіне құлақ асырып, тұрғындарды толғандырған мәселелердің шешілуіне ықпал етуге тиіс. Қаланы және аудандарды дамыту, әлеуметтік мәселелерді шешу, мәдениет пен өнер саласын қолдау – жұмыстың маңызды бағыттары», – деді Абай Бегей.

Еске сала кетейік, Алматыда 670 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлау барысына қатысты қосымша ақпаратты 109 бірыңғай нөмірі арқылы алуға болады.

Дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.

Наверх