Мәйіт Нұрлытау шағын ауданындағы көліктердің бірінде болған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Әлеуметтік желілерде шағын аудандағы үйлердің бірінде түнімен тергеушілер мен сарапшылар жұмыс істегендігі айтылған.
Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Алматыда паркингте тұрған көліктер өртеніп кетті.