Алматыда бастауыш сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды

12 Қыркүйек 2023, 11:02
1625
Бөлісу:
Алматыда бастауыш сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсамақ болды
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматы облысында 4-сынып оқушысы өз-өзіне қол салмақ болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Zakon.kz мәліметінше, ҚР Оқу-ағарту министрлігі осы жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Белгілі болғандай, ұл бала құрдастары тарапынан көрсетілген буллингтен кейін суицид жасауға бел буған. 

Оқыс оқиға Бесағаш ауылында болған. 10 жастағы бала өз-өзіне қол жұмсамас бұрын жазба қалдырып, бір қорап аспирин ішіп алып, жатып қалған. 

Ауыр жағдайда жатқан баласын көрген анасы бірден жедел жәрдем шақырған.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі хабарлауынша, аталған жайтқа байланысты жұмыс тобы құрылды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ауыл мектебіне министрлік өкілдері және Алматы облысы білім беру басқармасы барады.

Өзгелердің жаңалығы