Алматыда бас шырша жағылды

20 Желтоқсан 2019, 09:57
5960
Бөлісу:
Алматыда бас шырша жағылды
PHOTO

Алматы, BAQ.KZ. 19 желтоқсанда қаланың барлық ауданында жаңа жылдық шырша жағылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ең басты 20 метрлік шырша "Астана" алаңына қойылды. Жаңа жыл қарсаңындағы рәсімге қала әкімі Бақытжан Сағынтаев қатысты.

3.jpg

Бас шырша жарықдиодты гирляндалармен, жаңа жылдық ойыншықтармен және гирляндалармен безендірілген. Жалпы қала бойынша биіктігі 10 метрден 12 метрге дейін жететін 9 жасанды шырша қойылды, - делінген таратылған ақпаратта.

1.jpg

Шыршалар Алатау, Наурызбай, Жетісу аудандары әкімдігі ғимаратының алдында, Ғ. Мүсірепов, Н. Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған қазақ академиялық театрының алдында, Республика Сарайының алдындағы Абай алаңында және Наурыз Village СОО алдындағы алаңда жағылды.

4.jpg

Салтанатты шараға қазақстандық әртістер қатысып, әннен шашу шашты. Олардың ішінде Әли Оқапов, Renzo, Shamis, EQ, Alem Band, Mad Men, Малика YES, Ziruza, КешУоu, Мәдина Сәдуақасова, Асхат Тарғын, Кентал, Mysterions, Дауыс Intern тобы, Ақылбек Жеменей мен Луина өнер көрсетті.

Өзгелердің жаңалығы