Алматыда бас аспаз есірткі сатумен айналысқан

Бөлісу:
Алматыда бас аспаз есірткі сатумен айналысқан
Фото: Видеодан скрин

Қоғамдық тамақтану орындарының бас аспазы есірткі сатумен айналысқан, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам жұмысын заңсыз заттарды сату үшін пайдаланған.

Алматыда бас аспаз есірткі сатумен айналысқан

Ол гашиш есірткі затын жұмыс орнында сатқан, дәмхананы өзінің қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін пайдаланған. Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралардан кейін аспаз ұсталды. Ұстау және тінту нәтижесінде есірткі және есірткінің заңсыз айналымына қатысты басқа да заттар тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды, - деді Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Алматыда бас аспаз есірткі сатумен айналысқан

Белгілі болғандай, қазір қылмыстық іс-әрекеттің барлық дерегін және оған басқа адамдардың қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы