Алматыда «Барахолка» маңында салынып жатқан ғимарат өртке оранды

ТЖД құтқару қызметінің эвакуаторлары тұрақта тұрған көліктерді алып кетіп жатыр.

 pixabay.com Бүгiн 2026, 16:50
Бүгiн 2026, 16:50
159
Фото: pixabay.com

Алматыда ТЖМ қызметкерлері салынып жатқан әкімшілік ғимараттағы өртті сөндіруде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға Алатау ауданының Солтүстік айналма жолы маңында болған.

Оқиға орнына келгенде үш қабатты салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры жанып жатқаны анықталған.

Өрт сөндірушілер санаулы минут ішінде шатырға көтеріліп, су жіберді.

Өрт ошақтарын анықтау үшін бензорездер қолданылып, өрт сөндіру автосатылары орнатылған. Сол арқылы да су беріліп жатыр.

Қазіргі уақытта өрттің қарқыны бәсеңдеді, оның нақты аумағы анықталып жатыр.

Оқиға орнында ТЖД құтқару қызметінің эвакуаторлары жұмыс істеп, тұрақта тұрған көліктерді қауіпсіз жерге жылжытуда.

Наверх