Алматыда банк бөлімшесін тонап кеткендер іздестіріліп жатыр

16 Қазан 2020, 17:47
1869
Бөлісу:
Алматыда банк бөлімшесін тонап кеткендер іздестіріліп жатыр
VIDEO

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласында Kaspi банк бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды. 

Банктің баспасөз қызметінің айтуынша, белгісіз екі азамат кеше кешкісін жұмыс аяқталған кезде бөлімшеге шабуыл жасап, тонап кеткен.

Банктегі бейнебақылау камераларына қарақшылардың әрекеті түсіп қалған. Видеодан қарақшының бірі қару ұстап тұрғанын көруге болады. Ал екіншісі балтамен кассаның шыны терезесін сындырып, ішке еніп, ақшаны сөмкесіне салып әкетеді. 

Кешкі мезгіл болғандықтан банкте клиенттер болмаған. Қызметкерлер аман-есен, - дейді банк өкілдері. 

Алдын ала болжам бойынша күдіктілер 2 миллион теңгеге жуық ақшаны қолды еткен. Дабыл түймесі басылғанда, полиция дереу жеткен. Қазір қылмыскерлер іздестіріліп жатыр.

Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, қарақшылар іздестіріліп жатқанын мәлімдеді. 

Бұл дерек сотқа дейінгі бірыңғай тізімге енгізіліп, ҚР ҚК 192-бабы 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Қылмысты ашып, қарақшыларды ұстау бағытында арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу жұмыстары Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауында, - дейді ПД.


Өзгелердің жаңалығы