Алматыда балалардың қолынан телефонын тартып алған жігіт ұсталды

20 Мамыр 2021, 20:30
4628
Бөлісу:
Алматыда балалардың қолынан телефонын тартып алған жігіт ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда жасөспірімдердің қолынан ұялы телефонды тартып алып кеткен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

22 жасар Н. есімді ер адам 12-15 жас аралығындағы балалардың телефонын тартып алған. Ол кәмелетке толмағандардың қасына келіп, бір рет қоңырау шалу үшін телефонды сұрап, содан кейін қашып кеткен.  

Ол телефонды қолдан жұлып алып, қашып кеткен. Бұрын сотталмаған жас жігіт өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндірді.  Енді ПД-нің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.



Өзгелердің жаңалығы