Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзі аяқталды

11 Мамыр 2024, 16:13
392
Бөлісу:
Алматыда Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлерінің келіссөзі аяқталды
Фото: mfa_kz MFA Kazakhstan

Бүгін Алматыда Әзербайжан Республикасы сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов пен Армения Республикасы сыртқы істер министрі Арарат Мирзоян арасындағы келіссөз аяқталды, деп хабарлады BAQ.KZ.

Бұл туралы Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрліктері мәлімдеді.

Дипломаттардың айтуынша, Алматы Достық үйінде өткен келіссөз екі мемлекет арасында бейбітшілік орнату туралы екіжақты келісім жобасын талқылауға көмектесті.

Министрлер делимитация бойынша ілгерілеуді, сондай-ақ осы бағытта қол жеткізілген келісімдерді құптады, - делінген хабарламада.

Тараптар әлі де келісілмеген мәселелер бойынша келіссөзді жалғастыруға келісті, деп атап өтті дипломаттар.

Сапар барысында министрлер Қазақстан премьер-министрінің орынбасары, сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен жеке және екіжақты форматта кездесті, - делінген хабарламада.

Екі мемлекеттің сыртқы істер ведомстволарының басшылары қазақстандық әріптесіне республика ұсынған келіссөз алаңы үшін алғысын білдірді.

Өзгелердің жаңалығы