Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылдың 25 шілдесінде Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы мен мемлекеттік және құқықтық органдардың бірлесе ұйымдастыруымен «Мобильді «Халыққа көмек» акциясы басталады. Бұл туралы Nur Otan партиясының баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның мақсаты:
– қала тұрғындарының өзекті мәселелерін қарастыру;
– «Шеті жоқ қала» концепциясы аясында Алматыға қосылған елді
мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайын арттыру;
– тұрғындарға заңдық және құқықтық кеңес беру.
Акция барысында азаматтарды толғандыратын өзекті мәселелер анықталып, әлеуметтік кикілжің тудыратын себептерді алдын алушарасы қарастырылады. Мобильді топқа келген барлық азаматтарға құқықтық кеңестер беріліп, жиналған өтініштер орталық немесе жергілікті мемлекеттік органдардың қарауына нақты шешім қабылдау үшін жолданады.