Алматылық 20 аз қамтылған отбасы үйлері газбен жылытылатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл Алматы қаласындағы Қазақстан әйелдер күштері альянсы мен жергілікті әкімдіктің бастамасының арқасында мүмкін болмақ.
Осы жексенбі, 23 сәуірде сағат 19.00-де «Алматы Арена» алаңында «Жастар таза ауа үшін» атты Мұз шоуы қайырымдылық акциясы өтеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте алматылық әуесқой мәнерлеп сырғанаушыларды өнер көрсетуге шақырды.
Атап айтсақ, бұл жай ғана мұз шоуы емес. Мегаполис экологиясын қолдауға арналған нағыз спорттық, әсерлі SOI (Мұздағы студенттер) «Жастар таза ауа үшін» шарасы. Бес ай бойы жаттықтырушы – спорт шебері, Қазақстан чемпионы, Азия жарыстарының чемпионы Регина Глазманның жетекшілігімен күнделікті жаттығудан өткен алматылық 11 жұп студент коньки тебу биігіне көтерілді.
Мұз шоуына билет сатудан түскен ақша Түрксіб ауданындағы мұқтаж отбасылардың 20 жеке үйін газдандыруға жұмсалады. Біздің мақсатымыз жастардың назарын әлеуметтік маңызды мәселелерге аудару, олар қандай құндылықтарды қолдау және оларды насихаттауға қатысу керектігін түсінулері үшін Әйелдер күштерінің альянсы әкімдіктің қатысуымен барлық мәселелерді ұйымдастыруды өз қолына алды, – дейді Қазақстан әйелдер күштері альянсының төрайымы Раушан Сәрсембаева.
Ұйымдастырушылар бұл шараның шығындарын азайтып, қаланың экологиялық жағдайын жақсартады деп сенеді. Шоу билеттері 5000 теңгеден басталады. Оларды сатып алу арқылы көрермендер қайырымдылық акциясының белсенді қатысушыларына айналады.
Сонымен қатар екі күн бұрын белсенді әйелдер жастардың қатысуымен тағы бір ағаш отырғызу экожобасын бастады.
Қазақстан әйелдер күштері альянсының Алматы қаласы бойынша төрағасы Балым Батаева мегаполисте патриоттар тәрбиеленетін жас көшбасшылар мектебі ашылғаны туралы пікір қосты. Ал қазірдің өзінде бар «Жастар таза ауа үшін» жобасы университет студенттерінің арқасында жарыққа шықты.
Көбінесе ешқашан коньки теппеген студенттер түнгі екіге дейін коньки тебуді үйренді. Мен олардың мұз айдынында нәтижеге жетуге деген ұмтылысына әрқашан тәнті болдым. Біз жастарға өз ойын жеткізуге, басқа студенттерге үлгі көрсетуге көмектесеміз. Және бұл жай ғана қойылым емес, қайырымдылық кеші болмақ. Шараны өткізуге қолдау көрсеткен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа алғысымыз шексіз. Студенттердің қуанып, шаттанғанын көрсеңіздер. Енді қала тұрғындарының қолдауымен билет сатып алып, осы жобаның қатысушысы болып, бағалы сыйлықтар ұтысына қатыса алатынын көргім келеді, - деп бөлісті ойымен Балым Батаева.
Белсенді әйелдер әзірге үйлерін, отбасын отынмен жылытатын мұқтаж 20 отбасына жеке барғандарын айтты.
Көмір жағу ауаның ластануы мен адам денсаулығына үлкен экологиялық қауіп төндіреді. 2019 жылы Алматы әлемдегі экологиялық қауіпті 100 қаланың қатарына енді, 95-орынды иеленген. Біз бірлескен күш-жігер арқылы қаламыздың гүлденуіне әсер ете аламыз деп ойлаймын, - деді «Әйелдер күштері альянсы» ұйымының мүшесі, жобаның демеушісі Арай Төлемісова.
Айта кетсек, Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы 2019 жылдан бері әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау саласында қызмет жасайды. Сондай-ақ әлеуметтік өткір мәселелерді шешуге де белсенді түрде қатысады.
Қазір Альянс филиалдары еліміздің 20-дан астам өңірінде кең құрылымға ие және халықтың әлеуметтік осал топтарындағы жұмыссыз әйелдерді оқытуға және жұмысқа орналастыруға арнайы «Бастау», «Жәрдем» сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға бағытталған.