Мегаполисте әйелдерге күш көрсеткен 105 абьюзер психокоррекциялық бағдарламаларға жіберілген, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Алмалы ауданы Полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Айгерим Куласбекова мәлімдеді.
2024 жылдың 10 айында Алматыда әйелдерге қарсы 7705 қылмыс тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,1% - ға аз. Биыл біз отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейттік. Профилактикалық есепке 6800-ден астам адам қойылды, 6200-ден астам қорғаныс ұйғарымдары шығарылды. Айта кету керек, бұл шаралар тек құқық бұзушылықтардың жолын кесуді ғана емес, сонымен бірге зардап шеккендерге көмек көрсетуді, сондай-ақ агрессорлармен жұмыс істеуді де қамтиды. «Серіктестік-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу құралы» пилоттық жобасы аясында 105 абьюзер психокоррекциялық бағдарламаларға жіберілді, - деді Айгерим Куласбекова.