Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған ер адам ұсталды

14 Мамыр 2024, 09:42
4020
Бөлісу:
Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуылдаған ер адам ұсталды
Фото: Арман Мухатов - архив

Алматыда ер адам мен автобус жүргізушісінің арасында жанжал шыққан, салдарынан жүргізуші жараланған, деп хабарлайды қаладағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, қамауға алынды.

Суық қару қолдану арқылы жасалған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ер адамдар арасында жанжал шыққан, содан кейін олардың бірі пышақ қолданғаны белгілі болды. Қылмыс құралы тәркіленді, - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Өзгелердің жаңалығы