Алматыда автобус жол апатына ұшырады

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

 видеодан скрин 25 Қыркүйек 2026, 23:10
25 Қыркүйек 2026, 23:10
122
Фото: видеодан скрин

Алматы полициясының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы сағат 13:25 шамасында Жетісу ауданында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Golden Dragon маркалы автобустың жүргізушісі Бөкейханов көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, Райымбек даңғылына жақындағанда рөлге ие бола алмай, жол жиегінде тұрған ЗИЛ маркалы жүк көлігіне соғылған. Соққы салдарынан ЗИЛ алдында тұрған ГАЗ маркалы автокөлікпен соқтығысқан, – деп хабарлады полиция.

Оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр.

Наверх