Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр

15 Шілде 2023, 12:09
941
Бөлісу:
Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтіп  жатыр
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Жәрмеңкеде Алматы облысының Қарасай, Жамбыл, Іле, Талғар мен Еңбекшіқазақ ауданынан келген өнімдер ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі жыл он екі ай, сенбі-жексенбі күндері ұйымдастырылады. Мұндай жәрмеңке өндірушілерге өз өнімін халыққа делдалсыз жеткізуге мүмкіндік береді.

Ассортиментте 50-ден астам өнім атауы бар (ет-сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, жемістер, ұн, жарма, өсімдік және жануарлар майлары және т.б.). Барлығы 300 тоннадан астам өнім қойылады. «Демалыс күндеріндегі» жәрмеңкелер апта сайын өтеді. Жыл басынан бері Алматы қаласында 296 жәрмеңке өткізілді. Өнімнің бағасы орташа нарықтағы есептен 15-20%-ға төмен, – деді «Алматы» ӘКК басқармасы.

Жәрмеңкеде қала тұрғындарына картоп пен көкөніс, ет, балық, құс етін, сүт пен шұжық өнімдерін нарықтағы бағадан арзанға сатып алды.

Жәрмеңке өте жақсы. Қалада апта сайын ұйымдастырылады. Қымбат, арзан демей, жағдайымызға қарай алып жатырмыз. Өзіміздің кәсіпкерлеріміздің табиғи өнімін алуға не жетсін. Ешқандай қоспа жоқ. Шөберелеріме әр нәрседен аламын, шүкір, – деді қала тұрғыны Назүл Қарабалы.

Еске салайық,«Демалыс күндеріндегі» ауылшаруашылық жәрмеңкелері келесі мекен-жайлар бойынша өтеді:

1. Алмалы ауданы (Гоголь - Масанчи көшесі);
2. Бостандық ауданы («Қазақфильм» ш/а);
3. Әуезов ауданы (Абай даңғылы - Өтеген батыр көшесіндегі қиылысы);
4. Медеу ауданы (Меңдіқұлов - Бектұров көшелерінің қиылысы және Шевченко - Қонаев көшелерінің қиылысы).

Өзгелердің жаңалығы