Алматыда "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы басталды

6 Маусым 2020, 19:16
1769
Бөлісу:
Алматыда "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасы жол ережесін бұзған 1 мың 300-ден астам құқық бұзушыны анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында "Қауіпсіз жол" жедел алдын алу шарасы өз жұмысын бастады. Кең ауқымды іс-шара жол-көлік оқиғалары мен олардың зардаптарының ауырлығын алдын алуға және төмендетуге, жол қозғалысы ережелерін бұзу деректерінің жолын кесуге және анықтауға бағытталған.

Өткен тәуліктің өзінде облыс жолдарында 1318 ЖҚЕ-ні бұзушы тіркелді, ал екі күн ішінде патрульдік полицейлер жол қозғалысы ережелерін бұзған 2246 адамды анықтаған.
Құқық бұзушылықтың көшбастар үштігінде: жаяу жүргіншілер ережесін бұзу – 360 дерек, белгіленген қозғалыс жылдамдығын арттыру – 103 хаттама, мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген жүргізушілердің көлік құралдарын басқаруы – 63 оқиға. Патрульдік полицияның жеке құрамы күшейтілген түрде қызмет атқарады, – дейді Алматы облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Бағдат Әшімов.

Полиция нарядтары мас күйінде автокөлікті басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау, ұялы телефон арқылы сөйлесу және жол-көлік оқиғаларын жасауға алғышарттар жасайтын басқа да ЖҚЕ-ге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстарды күшейтіп жатыр.
Елді мекендердің қиылыстарындағы, автомобиль жолдарындағы және көшелердегі наряд тығыздығы артты. Ішкі істер органдарының қызметін регламенттейтін ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрықтары мен нормативтік-құқықтық құжаттары негізінде жол-патрульдік полициясы қызметкерлерінің міндеттері мен жұмыс әдістері нақты анықталған. Олар автопатрульдеуді, жаяу патрульдеуді, сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларды қадағалауды қамтиды. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлық әдістері осы жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу аясында қолданылып жатыр, – деп толықтырды Әшімов.


Өзгелердің жаңалығы