Алматыда атыс шығарған адам Ресей азаматы болып шықты

25 Сәуір 2021, 11:00
2576
Бөлісу:
Алматыда атыс шығарған адам Ресей азаматы болып шықты

Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде атыс шығарған адамның азаматтығын анықтады. Бұл туралы zakon.kz жазды.

Алматы қаласы ПД-нің өкілі Рустам Әбдірахмановтың айтуынша, күзетшіні атқан адам Ресей азаматы.


Ресей Федерациясының азаматына тиесілі қарудың меншік құқығы тергеу барысында анықталады,-деді ол.
Сондай-ақ желіде қарулы адамның жеке тұлғасына қатысты ақпараттар тарай бастады. Мәлімет бойынша, РФ-ның азаматының аты-жөні Исаев Р.А. 1968 жылы туған.

Сондай-ақ ер адам «соғыс өткен жерден келген тұлға» дәрежесі бойынша есепте тұрған.

Айта кетсек, 24 сәуір күні белгісіз ер адам «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешені күзетшісін атып жарақаттаған. Кейін пәтеріне барып жасырынған. Полиция онымен алты сағат бойы келіссөз жүргізді, алайда қарулы адам 17 қабаттан өзі секіріп кетті.

Өзгелердің жаңалығы