Алматыда аттракцион істен шығып, адамдар биіктікте қалып қойды

14 Сәуір 2025, 14:49
1281
Бөлісу:
Алматыда аттракцион істен шығып, адамдар биіктікте қалып қойды
Фото: Видеодан скриншот

Алматыдағы саябақтардың бірінде орналасқан Top Skan (“Ромашка”) аттракционы істен шықты, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
 

Кадрларда аттракционның кенеттен тоқтап қалғаны және ондаған адамның биіктікте қалғаны көрінеді. Бұл оқиға келушілер арасында алаңдаушылық тудырған.

Аталған жағдайға қатысты "Фантазия әлемі" саябағының баспасөз қызметі пікір білдірді.

13 сәуір күні сағат 15.08-де Top Skan аттракционының қауіпсіздік жүйесі іске қосылып, құрылғы тоқтап қалды. Оқиға орнында инженерлер барлық қажетті шараларды жүргізді. Сағат 15.16-да аттракционда болған барлық келушілер қауіпсіз түрде эвакуацияланды. Қонақтар тарапынан ешқандай шағым түспеді. Оқиға штаттық жағдайда өтіп, толық бақылауда болды. Жарақат алғандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады саябақ өкілдері.

Аттракцион уақытша жабылып, техникалық тексеріс жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы