Алматыда әскери қызметшілер тілдік дайындық курсынан өтті

9 Шілде 2022, 17:33
1335
Бөлісу:
Алматыда әскери қызметшілер тілдік дайындық курсынан өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміз Қарулы күштерінің 70-ке жуық әскери қызметшісі Қорғаныс министрлігінің бітімгерлік дайындық орталығы базасында ағылшын тілін оқытудың қарқынды курсынан өтті.

Бқл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Курс тыңдаушылардың көпұлтты ортада тиімді қызмет етуі үшін қажетті ауызша сөйлеу, оқу, жазу және тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталған.

Курс аяқталғаннан кейін бітімгерлік дайындық орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин тыңдаушыларға сертификаттар табыстап, оқуды табысты аяқтауымен құттықтады. Сонымен бірге алған білімдері оларға бітімгерлік миссиядағы міндеттерді орындау кезінде көмектесетініне және қызметтік өсуіне ықпал ететініне сенімді екенін атап өтті.

Бітімгерлік дайындық орталығында тіл курстары әрқайсысы бес жарым айдан жылына екі рет өткізіліп тұрады.

Өзгелердің жаңалығы