Ардагерлерге азық-түлік себеттері мен тұрмысқа қажетті заттар таратылды

9 Мамыр 2020, 12:20
1818
Бөлісу:
Ардагерлерге азық-түлік себеттері мен тұрмысқа қажетті заттар таратылды

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ. Nur Otan партиясының Жетісу аудандық бөлімі қайырымдылық акциясын өткізді.

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне арналған қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Nur Otan партиясының Жетісу аудандық бөлімі, сондай-ақ Jas Otan жастар қанатының белсенділері мен қала меценаттары соғыс ардагерлерін назардан тыс қалдырмай, оларға азық-түлік тауарлары мен санитарлық-гигиеналық өнімдерді тарату мақсатында қайырымдылық акциясын өткізді.

Қайырымдылық шарасы аясында 60-қа жуық ардагер мен мүгедектерге азық-түлік себеттері және тұрмысқа қажетті заттар таратылды.

Өзгелердің жаңалығы