Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды

Бүгiн, 12:21
218
Бөлісу:
Алматыда ақша бопсалаған блогерлер ұсталды
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызы бойынша кәсіпкер мен екі блогерді ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион теңгені талап етуден бас тартуға көндірмек болған, - делінген ақпаратта.

Қаскөйлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды.

ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бопсалау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Өзгелердің жаңалығы