Алматыда апатты жағдайдан кейін жылу магистралінің жұмысы қалпына келтірілді

<p> Алматы, BAQ.KZ. Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралінің жарылу салдары жойылды. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС-і хабаралады. </p>

 8 Желтоқсан 2021 2021, 12:32
8 Желтоқсан 2021 2021, 12:32
1193

Алматы, BAQ.KZ. Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысы арқылы өтетін учаскедегі жылу магистралінің жарылу салдары жойылды. Бұл туралы «Алматы жылу жүйесі» ЖШС хабаралады.

7 желтоқсанда орын алған апаттан кейін диаметрі 1000 мм құбыр сегментін қалпына келтіру аяқталды. Жылу магистралі сынақтан кейін қайтадан жұмысқа қосылды және берілген режимде жұмыс істеп тұр,-делінген хабарламада.

Жол қозғалысы жолдарын ашу үшін жарылған жер бір тәулік бойы асфальт жабынын қалпына келтіргенге дейін топырақ үстінен арнайы тақталармен жабылды.

Сонымен қатар 7 желтоқсан күні сағат 18.30-дан бастап Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта (солтүстік жағы) автокөлік қозғалыс жолдары жартылай ашылды. 8 желтоқсанда таңғы сағат 9-да көлік қозғалыс жолдары толық қалпына келтірілді.

Штаттан тыс жағдай туындаған жағдайда (су, бу шығарындылары) өз бетінше іс-қимыл жасамауды және болған оқиға туралы «АлЖЖ» ЖШС апаттық-диспетчерлік қызметіне мына телефон: +7 727 3780665 арқылы хабарлауды сұраймыз

Наверх