Алматыда алты көшені су басты

16 Сәуір 2024, 11:19
17086
Бөлісу:
Алматыда алты көшені су басты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Мегаполисте сағат 04.00-ден басталған жаңбыр аракідік тоқтап 17 сәуірдің таңына дейін жалғаспақ, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, сағат 09:00-де қалада 14 мм, Медеуде 21 мм, Каменск үстіртінде 28 мм жауын-шашын түскен.

ТЖ бойынша жедел кезекшінің ақпаратына сәйкес сағат 09:00-дегі жағдай бойынша су жиналатын 12 учаске (жеке тұрғын үйлердің ауласында 6 жағдай, көшелерде 6 жағдай) тіркелді, олар жедел жойылды. Оған арық желілерінің бітелуі себеп болған.

Күндізгі ауысымға 425 бірлік арнайы техника және 802 жұмысшы жұмылдырылды. Мотопомпа, тазалаушы заттармен және басқа да қажетті шанц құралдарымен жарақтандырылған 52 жедел мобильді бригада жол астындағы арық арқылы судың кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз ету және проблемалық учаскелердегі су тасқынын жою үшін кезекшілік ұйымдастырылды. 2,3 мың қап құм дайындалды. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, - дейді Алматы қаласының әкімдігі. 

Өзгелердің жаңалығы