Ботаника және фитоинтродукция институтында Сиверс алма ағашын зерттеп, сақтаумен бірнеше зертханалар айналысады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Алматының бас ботаникалық бағының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Академик Аймақ Жанғалиев құрған А.Д. Жанталиев атындағы жеміс ағаштарының тектік қорын корғау және интродукциялау жөніндегі мамандандырылған зертханасы бар. Ал енді бұл міндет жаңа Сиверс алма ағашын зерттеу және сақтау орталығының алдында тұр, ол зерттеулер аясын кеңейтіп, алма бақтарын сақтау мен молықтырудың жаңа деңгейіне шығады. Қазақстандағы алма бақтарын кешенді зерттеу алма бақтарын тиімді сақтау, қалпына келтіру жане ұтымды пайдалану бойынша ғылыми-тәжірибелік ұсыныстар әзірлеуге мумкіндік береді,- деді бас ботаникалық бағының баспасөз қызметі.
Сиверс алма ағашының популяциясының генетикалық кұрылымын тұрақтандырудың қажетті шараларының бірі осы өсімдіктің түрішілік әртүрлілігін міндетті түрде ескере отырып, Ботаника және фитоинтродукция институты таңдаған Сиверс алмасынын, клондық сорттарын пайдалана отырып, алма бағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Заманауи биотехнологиялық және молекулалық- генетикалық әдістер түрлер мен олардың генетикалық кұрылымын дәл анықтауға мүмкіндік береді, бұл тиімді сақтау стратегиясын әзірлеу үшін өте маңызды.
Мемлекеттік ұлттық парк аумақтарында ғылыми-тәжірибелік тәлімбақтарын дамыту елдегі ормандарды молықтыру мен бау-бақша шаруашылығының табысты дамуына ыкпал етеді. Бірегей Сиверс алма ағашын сақтап калуға жане оны келешек ұрпаққа қалдыруға мүмкіндігіміз көп болғанына куаныштымыз,- деді Алматының бас ботаникалық бағының баспасөз қызметі.